13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

15 сентября, 2022
in Қоғам
0
«АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Түркістан өңіріндегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92% -ға арттыру жоспарланған. Айта кетейік, 2018 жылы бұл көрсеткіш 72 %-ды құраған. Жалпы облыста сапалы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітіліп, жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Соның аясында «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру көзделген. Құрылыс барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмысшылармен кездесті. Өзекті мәселелерді пысықтады.

Облыс әкімі басымды бағыт — аса маңызды жолдарда болатынын айтты. Негізгі, ең қажетті деген автожолдардың тізімін дайындауды жүктеп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

— Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарында аса маңызды бағыттағы жолдардың құрылысына басымдық беріледі. Осы қағиданы ұстану керек. Республикалық, облыстық , аудандық және ауылішілік маңызы бар жолдар, яғни, барлық деңгейдегі маңызы бар, уақыт күттірмейтін автожолдардың тізімін дайындау қажет. Көптен жөндеу көрмеген күре жолдар да жоспардан тыс қалмауы тиіс. Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл талаптарды сақтамандарға шара көріледі, — деді Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды.

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 767 нысан немесе 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп көзделген.

Құрылыс, жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі