13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

15 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.

Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қатысты.

Тағылымы мол басқосуға жиналғандар Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен атқарған қызметтері жайлы баяндама жасап, сондай-ақ қайраткердің ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірдің экономикасын дамытудағы ерен еңбегін тілге тиек етті.

Асанбай Асқарұлы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарып, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Асанбай Асқаров Социалистік Еңбек Ері, талай жыл Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары партия комитетінің бірінші хатшысы болып жемісті еңбек еткен. Ел ағасының облыс тұрғындары үшін жасаған игі істері мен қалдырған ізгі мұраттары бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, ел есінде мәңгілікке сақталады. Тілге тиек етейік, Асанбай Асқаров Оңтүстікті өркендетіп, Шымкенттің шырайын ашқан іскер басшы. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында өңірде 180-ге жуық өнеркәсіп орны жұмыс істеді. Көпқабатты тұрғын үйлер бой түзеп, Одақ көлемінде теңдесі жоқ дендросаябақ салынды. Зообақ, балалар темір жолы, атшабар секілді әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Бүгінде Шымкент қаласындағы орталық көшелердің бірі және дендросаябақ Асанбай Асқаров есімімен аталады. Ескерткіші мен мұражайы бар. Облысымыздағы А.Асқаровтың қолтаңбасы саналатын нысандар мен жобалардың бүгінде игілігін халық көріп отырАқиқатшыл адалдығымен, биік пайым парсатымен ел есінде қалған тұлғаны ұлықтау әрі қарай да жалғасын таппақ.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН КӨРДІ

Next Post

«АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі