13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

15 сентября, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу үшін салынған Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналы құрылысының екінші кезеңі басталды. Облыс орталығында бой көтерген заманауи спорт нысандарының құрылыс барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды спорт саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшыларды тартудың маңыздылығын айтты. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударуды тапсырды.

— Мұндай заманауи спорт кешендері елімізде көп емес. Біз халықаралық ескек есу каналының мүмкіндігін толық пайдаланып, қазақ жастарын спортқа баулуымыз керек. Спорт — ел абыройын асқақтату тетігі ғана емес, ол — денсаулық кепілі. Өңірде спорт саласын дамытуға барлық жағдай жасалады, — деді Д. Сатыбалды.

Олимпиадалық орталық сәулеттік көркімен ғана емес, қаланы көгалдандырып, туризмді дамытуға және өңірдің атмосферасын өзгертуге де мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынған жоба 100 гектарға жуық алаңда орналаласқан. Ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасына 2 млн. текше метр су жиналды. Су тазартқыш құрылғылар қойылған.

Спорт кешен құрылысының екінші кезеңінде мұнда әкімшілік ғимараты, қонақүй, веложолақ, бассейн, қайық тұрақтары, жазғы кинотеатр, аралды қосатын көпір мен басқа да нысандар бой көтереді. Бұл жерде спортшылар жағажай волейболы мен футболы, ашық судағы жүзу, триатлон, желкенді спорт, ескек есу, каноэ сияқты спорт түрлерінен жаттығу жасайды. Су спорт кешені – ауқымды жоба.

Облыс әкімі қалалық саябақ ішінен салынып жатқан жасанды көлдің құрылыс алаңында болды. Демалыс аумағының жалпы ауданы — 13 га жуық. Келер жылы пайдалануға беріледі. Мұнда 4 ұңғыма арқылы су жиналады. Сан алуан түрі субұрқақтар орнатылып, айналасы абаттандырылады.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру үшін Түркістан облысында жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Мұз сарайының» құрылысымен танысты. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Мұнда қысқы спорт түрлерінен үйірмелер ашылмақ.

Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда. Ғалымдар мен кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, тарихи келбетін жоғалтпауға басымдық берілуде. Түркістан қаласында сондай-ақ «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады.

Previous Post

«АСА МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

Next Post

Шымкентте оқушылар әскерилердің өмірімен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі