13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК ЛАГЕРЬ АЯҚТАЛДЫ

16 июня, 2020
in Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК ЛАГЕРЬ АЯҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен мектеп жасындағы балаларға арналған 10 күндік лагерь аяқталды. Бірлік ауылдық округі Қоңырат елді мекеніндегі «Еркежан» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде бір мезетте 55 бала дем алды.

Мұнда балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, республикалық деңгейдегі ерікті психологтар мен мамандар балаларға дәріс өтті. Лагерде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңындарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар демалушыларға таныстырылды.
Лагердің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріліп, оқушыларға 5 мезгіл тамақ берілді. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етті. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, карантин жағдайындағы гигиеналық талаптар толықтай сақталды.

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізілді. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер және би кештері ұйымдастырылады.

Айта кетеік, «Ізгілікке жарысайық», «Нұршуақ», «Қарекет», «Асса», «Шымкенттің волонтерлары», «Блогодарю», «Мейірім» қайырымдылық қорлары мен ұжымдары және түрлі өңірлрден келген еріктілер балалардың көңіл-күйлерінің жоғары болуына атсалысып, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс жасады. Сонымен қатар, балаларға қажетті түрлі гуманитарлық көмектерді алып келді.

Лагердің аяқталу іс-шарасында қайырымдылық пен демеушілік жасаған барша ұйымдар мен еріктілерге аудан әкімі Бақыт Асановтың алғыс хаты табысталды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

СЕНІМХАТТЫ РӘСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСКЕН ЕР АДАМ ЖЕСІРДІ АЛДАП КЕТТІ

Next Post

ПЕТРОПАВЛДЫҚ "BAYDALA" ЖШС МАҚТААРАЛҒА ТҰРМЫСҚА АСА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫ ЖЕТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі