13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

СЕНІМХАТТЫ РӘСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСКЕН ЕР АДАМ ЖЕСІРДІ АЛДАП КЕТТІ

16 июня, 2020
in Қылмыс
0
СЕНІМХАТТЫ РӘСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСКЕН ЕР АДАМ ЖЕСІРДІ АЛДАП КЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында полицейлер сақтандыру төлемдерімен алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтық жолмен бейтаныс адам оның үлкен көлемдегі ақшасын тартып алғанын жеткізді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, алаяқ оның сеніміне кіріп, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан күйеуінің сақтандыру төлемдерін алу үшін көмек көрсетемін деп алдаған. Содан алаяқ ер адам өзінің атына сақтандыру сенімхатын ресімдеуге жесір әйелді көндіріп, өз шотына ақша түскен соң оны жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден асты. Осыған ұқсас арыздармен полиция басқармасына тағы бірнеше жәбірленуші келіп, көмек сұраған. Аталған жайттар ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық” бойынша Сайрам аудандық ПБ-да тіркелді.

Қылмысты ашу мақсатында Сайрам аудандық полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысына сәйкес полиция қызметкерлері күдіктіні жасырынып жүрген жерінен Алматы қаласынан ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Бүгінгі таңда тергеу барысында күдіктінің жалпы сомасы 18 миллион теңгеден астам төрт алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды. Белгілі болғандай, ер адам бір жоспар бойынша әрекет етіп, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жесірлеріне сақтандыру төлемдерін алуға көмектесуге уәде беріп, құжаттарын ресімдегеннен кейін өз шотына ақша аудартып, жасырынып жүрген.

Қазіргі уақытта алаяқтық жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталады.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді ресімдеу және құжаттарды ресімдеу кезінде мұқият болу керек. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНЫНЫҢ АУЛАСЫНАН БЕС ТҮП ҚАРАСОРА ТАБЫЛДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК ЛАГЕРЬ АЯҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі