13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ПЕТРОПАВЛДЫҚ «BAYDALA» ЖШС МАҚТААРАЛҒА ТҰРМЫСҚА АСА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫ ЖЕТКІЗДІ

16 июня, 2020
in Қоғам
0
ПЕТРОПАВЛДЫҚ «BAYDALA» ЖШС МАҚТААРАЛҒА ТҰРМЫСҚА АСА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫ ЖЕТКІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданына келіп жатқан гуманитарлық көмектердің легі әлі де тоқтаған жоқ. Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында орналасқан «BAYDALA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрмысқа аса қажетті 100 электр шәйнегі мен 100 үтікті жеткізді.

Қайырымдылық жүк көлігін бастап келген А. Сатекбаев «BAYDALA» ЖШС-ның директоры Д.Шалабаевтың аманатын алып келіп, төтенше жағдайдан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу — өздері үшін үлкен міндет екенін атап өтті.

«Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов ағамызға хабарласып, тұрғындарға аса қажетті заттарды білдік. Ол кісі азық-түлік пен гигиеналық заттардың қоры жеткілікті екенін айтып, өзінің ұсынысын берді. Міне, 1 миллион теңдеген аса қаржыға 100 электр шәйнегі мен 100 үтікті сатып алып, қоймаға табыстап отырмыз» — деді қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыруға жауапты Азамат Сатекбаев.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданының орталық қоймасына осы уақытқа дейін 742 тоннадан астам түрлі тауар жиналып, 363 тоннадан астамы таратылған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КҮНДІК ЛАГЕРЬ АЯҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА "NIYET CHARITABLE FOUNDATION" ҚОРЫНЫҢ КӨМЕГІ ЖЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі