13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАССЕЙН АШЫЛДЫ

22 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы балалар жылы аясында бүлдіршіндерге сыйлық жасады. Облыс әкімдігі қаланың орталығынан «Ашық аспан» демалыс орнын ашты.

Түркістан қаласының орталығында ұзындығы 67 метрлік бассейні бар ашық аспанды демалыс орны іске қосылды. «Ашық аспан» Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы 11 гектар жерге жайғасқан «Желілік саябақта» орналасқан. Әсіресе жазы ұзаққа созылатын Түркістан қаласы үшін бұл нысан аса маңызды. Пандемия кезінде салынып, ашылуы кейінге қалдырылған аумақ сенімдерлік басқаруға берілді. Аталған нысан «Балалар жылында» балаларға үлкен сыйлық болды.

– Түркістанда су тапшы екенін жақсы білесіздер. Соған қарамастан, тұрғындардың демалуына мүмкіндік жасалу керек. Жақында ғана «Шаға» жағажайы ашылды. Барлық саябақтарда жасанды көлдер бар. Оған өздеріңіз куә болып жүрсіздер. Осының барлығы оңай тірлік емес. Көлдерді көбейту арқылы климатты жақсарту көзделген. Бұл жұмыстар білікті ғалымдардың атсалысуымен есептеліп жасалуда. Бүгінгі демалыс аймағы да біздің балаларымыз бен тұрғындардың бос уақыттарын қуана-қуана өткізетін орнына айналады деп үміттенеміз, – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Жаңа оқу жылына қарсы Түркістанда балаларға арналған бірқатар нысан ашылуда. Бұл – «Балалар жылында» балаларға жасалған тарту.

Демалыс орнында инвесторлар тарапынан дәмханалар, мейрамханалар салынады. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Демалыс аймағында балалар мен ересектерге арналған фильтрациясы бар бассейндер мен фут-корт орналасқан. Тереңдігі 1,5 метрлік монолитті бассейні бір мезгілде 200 адамды қабылдай алады. Балалар бассейнінің тереңдігі – 80 см. Бассейн судың тұрақты тазалығын қамтамасыз ететін тазалау сүзгілерімен жабдықталған.

Previous Post

САЙРАМДА "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

Жол сапасына тексеру жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі