13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

САЙРАМДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

22 августа, 2022
in Білім
0
САЙРАМДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жергілікті тұрғындар балаларын мектепке дайындау үшін жыл сайын ауданда өтетін жәрмеңке немесе ашық сауда орындарына келіп, тиімді бағамен мектеп формасы мен оқу-құралдарын сатып алады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

Осы орайда, мемлекет тарапынан балалардың құқығын қорғау, білім мен денсаулығын жақсарту, яғни болашағы үшін барынша қолдау көрсетіліп, көмектер беріліп келеді.

Орталық саябақта «Мектепке жол—шекарасыз жақсылық» акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Ауданға қарасты елді мекен тұрғындарына мектепке қажетті киім-кешектер мен кеңсе тауарлары акциялық бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеге кәсіпкер азаматтар отандық тауарларын шығарды. Атап айтқанда, «Алатау», «Гаухар» және «Алтын адам» тігін фабрикалары өз өнімдерін және басқа да сатушылар жәрмеңкеде өз тауарларын шығарып қатысты.

Балаларға арналған бір жинақ киім 12500 теңге бағадан басталған. Бұдан бөлек, қаламсап 40 теңге, өшіргіш 80 теңге, қайшы 200 теңге, түрлі-түсті қарындаштар 500 теңге, 48 беттік дәптер 180 теңге болса, ал 36 беттігі 150 теңге бағада сатылды. Жалпы алғанда, мектеп формасынан бөлек, тұтынушылар үшін базар, сауда орындарындағы бағаларға қарағанда, 10-15 пайыз арзан бағада сатып алуға мүмкіндік болды.

Жалпы ауданда көмекке мұқтаж 5161 оқушы тіркелген. Оларға жалпыға міндетті білім қорынан көмек көрсетілсе, аталған акцияда мектеп формасымен 1014 оқушы қамтамасыз етілді.

Жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев ашып, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірге ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тіледі.

Аудан оқушылары аталған кәсіпорындардың шығарған мектеп формаларын сахнада көрсетті.

Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Previous Post

Ордабасылықтар "Аудан әкімінің ауыспалы кубогі" үшін жарысты

Next Post

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАССЕЙН АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі