13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

БӘЙДІБЕКТІК ЖАСТАР СПОРТТАН КЕНДЕ ЕМЕС!

12 августа, 2022
in Спорт
0
БӘЙДІБЕКТІК ЖАСТАР СПОРТТАН КЕНДЕ ЕМЕС!
Share on FacebookShare on Twitter

 «12 – тамыз Халықаралық жастар күніне» орай Бәйдібек жастары  «Дәстүрлі садақ ату» сайысын өткізді.

САДАҚ АТУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

«Орталық саябақтағы» садақ ату орнында алғашқы рет жарыс өтіп, сайысқа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ауылдық округ жастарынан 13 ұл, 5 қыз сынға түсті.

Өткізілген жарыстың нәтижесінде қыздар арасында 3-орынды Жамбыл ауылдық округінен Салтанат Бексары, 2-орынды Алғабас ауылдық округінен Бибінұр Салқынбек, жүлделі 1-орынды Шаян ауыл округінен Жанар Бауыржанқызы жеңіп алды.

Сондай-ақ, ұлдар арасында өткен жарыста 3-орынды аудандық экономика және қаржы бөлімінен Дархан Шадияр, 2-орынды Шаян ауылдық округінен Алмаз Асаев, 1-орынды аудан әкімдігі Заң бөлімшесінің маманы Елнұр Бақыт иеленді.

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ЖАРЫС ӨТТІ

«Жастар күніне» орай өткізілген үлкен теннис сайысына ауылдық округтің жастары қатысып, бақ сынасты.

Нәтижесінде 3-орынды Мыңбұлақ ауылдық округінен Нұркелді Амангелді, 2-орынды Ақбастау ауылдық округінен Қанжар Қалдыбек, 1-орынды Ағыбет ауылдық округінен Есенжол Нұрланұлы жеңіп алды.

«ЖАСТАР КҮНІ» — ЖАСТАР САЯБАҒЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Жастар күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың қорытындысы «Жастар саябағында» шығарылды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Тұрсынәліұлы аудан жастарымен еркін форматта кездесті.

Кездесуде ауыл округ жастарының пікірі мен жаңа бастамалары тыңдалды. Жастар тарапынан алдағы уақыттарда да аудан басшылығы мен мәслихат депутаттарының жастармен кездесуі жалғасын тапса деген ұсыныстар айтылды.

Еркін форматтағы кездесуден кейін, әрбір ауылдық округтерден келген талантты жастар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Осы іс-шарада өнер көрсетіп, аянбай еңбек етіп жүрген жастарға, өнерпаздарға «Жас талант» атты естелік сыйлықтар табысталды.

Кешке келген қонақтарға ауданның жас кәсіпкерлерінің шағын өнімдері «Бәйдібек қымыз №1», «Нұржанбек көжесі», «Ақтастың алма шырыны», жас кондитерлердің тәтті торттары мен бауырсақтары, құрт ірімшіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, ерікті жас, қоғам белсендісі Алтынай Мұсабекованың қолынан шыққан моншақтары, түрлі пішінде жасалған заттары, тоқылған сөмкелері, гүл салатын ыдыстары халық назарына ұсынылды.

Саябаққа келген қонақтар мен аудан жастарына отандық кино көрсетілді.

Previous Post

БӘЙДІБЕК: ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕРЕК!

Next Post

БӘЙДІБЕК ЖАСТАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі