13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

БӘЙДІБЕК: ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕРЕК!

12 августа, 2022
in Қоғам
0
БӘЙДІБЕК: ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕРЕК!
Share on FacebookShare on Twitter

«12 – тамыз Халықаралық жастар күніне» орай түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген жастар өкілдері «дөңгелек үстелде» бас қосты.

Жиынға, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызәлиев Бақыт Тұрсынәліұлы мен аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Кенехан Асқар Оразханұлы, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Несіп Құрманалиева қатысты.

Жастармен бас қосқан жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров жүргізіп отырды.

«Дөңгелек үстелде» аудандық мәслихаттың депутаты Жанар Бауыржанқызы «Бәйдібек ауданының талантты жастары» атты кітап шығару туралы ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданының логотипіне өзгерістер енгізу жөнінде, талантты суретшілер арасында арнайы байқау ұйымдастыру керектігін тілге тиек етті.

«Шаян» тәуелсіз апталық газетінің редакторы Ұлан Абзалұлы «Дәстүрлі садақ ату» спортын дамытуды, «Орталық саябақтағы» «Садақ ату орнын» кеңейтудің жайын, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану үшін садақ атудан үйірме ашу жөнінде сөз қозғады.

«Бәйдібек қымыз №1» ұлт­тық сусын-қымыз сатумен айналысып жүрген Нұрболат Амантайұлы сөз алып, жасап отырған кәсібін дамыту мақсатында көкейінде жүрген бірқатар жоспарларымен бөлісті. Шалдар елді мекенінен кәсіпті кеңейту үшін өзіне орын керектігін айтты.

Барлық ұсыныс-пікірлерді тыңдаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Тұрсынәліұлы жастарға ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Жиында «Аружан» балабақшасының тәрбиешісі Жазира Есімхан, «Жедел жәрдем» бөлімінің маманы Сандуғаш Жарылқасын, «Шаян» тәуелсіз апталық газетінің редакторы Ұлан Абзалұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Жалғас Жаханшаев, аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Ерасыл Оразәліұлы, «Жас кәсіпкер Айдана Серікқызы, аудандық жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік сала маманы Әйгерім Әжібекова, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Еркебұлан Аманжол, «Бәйдібек қымыз» иесі, жас кәсіпкер Нұрболат Ерман, ерікті жас Бибінұр Салқынбек, Боралдай ауыл округінен белсенді жас Радмир Хайдар, Мыңбұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Бағлан Бердібек, Тұрмыс-1 жалпы орта мектебінен Наталья Қырықбаевна, Абай жалпы орта мектебінен Талғат Кәдірханұлы мен Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің «Үздік оқушысы» Ұлжан Қораш және «Қошқар ата Береке» қоғамдық қайырымдылық қорының еріктілері марапатталды.

Previous Post

Отырар: Ақындар балалар тақырыбын жырына арқау етті

Next Post

БӘЙДІБЕКТІК ЖАСТАР СПОРТТАН КЕНДЕ ЕМЕС!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі