13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

БӘЙДІБЕК ЖАСТАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

13 августа, 2022
in Мәдениет
0
БӘЙДІБЕК ЖАСТАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан орталығы Шаян ауылында жастар күніне байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Алғашқы шара аудан әкімшілігінен бастау алып, әр ауылдық округтің елді мекендерінен келген жастар аудан әкімнің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев, аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық маслихат депутаттары Несіп Құрманалиева, Жанар Бауыржанқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаровпен кездесті. Кездесу барысында жастар тарапынан түрлі тақырыпта пікірлер айтылып, белсенді жастарға аудан басшысының алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қатар жабық теннис кортында теннистен жарыс ұйымдастырылып, орталық саябақта ауданның мекемелері мен ауылдық округ жастарының арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлдар және қыздар садақ атудан мергендіктерін сынады.

Кешкісін Жастар саябағындағы ашық алаңда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Тұрсінәліұлы ауылдық округі жастарымен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан жастарының пікірлері мен жаңа бастамаларын тыңдап, алда уақытта атқарылатын жастарға байланысты бірқатар жоспарлар талқыланды.

Жастар саябағында Бақыт Қырғызалиев барша аудан жастарын жастар күнімен құттықтап ұйымдастырылған спорттық іс шараларда жүлделі орын алғандарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.

Әр ауылдан келген талантты жастар әннен шашу шашып өз өнерлерін тарту етті. Барша өнер көрсеткен жастарға «Жас талант» естелік сыйлықтар табысталды.

Жастар саябағындағы қорытынды шарада ауданның жас кәсіпкерлерінің шағын тағам өнімдері қойылып қатысушыларға таныстырылып ұсынылды.

Іс шарада жазғы кино театрда барша келген аудан тұрғындары мен жастарға кинофильм көрсетілді.

Previous Post

БӘЙДІБЕКТІК ЖАСТАР СПОРТТАН КЕНДЕ ЕМЕС!

Next Post

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі