13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

15 августа, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде мектеп формасы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мектеп формасын алуға бөлінетін қаражаттың кімдерге берілетіні туралы айтты.

«Жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын (52 мыңнан астам) мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, ыстық тамақ пен жазғы демалысқа да қаржы қаралды. Сондай-ақ, көп балалы, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар да көмексіз қалмайды. Олар үшін арнайы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 млн 309 мың теңгеге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілді. Атап өтер жайт, акция шеңберінде көп балалы отбасылардың барлық балаларына мейлінше көмек көрсету көзделіп отыр», – деді басқарма басшысы.

Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, 7 534 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 265,7 млн теңге шілде айында бөлінген. Ал 45 126 балаға 1,6 млрд теңге тамыз айында бөлінді.

Сонымен қатар, облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 35 275 теңгеден және мектепке керекті құралмен қоса есептегенде жалпы 37 389 теңге беріледі.

Айта кетейік, мектеп формасына өтініш бала оқитын мектептің директорына өз санатын белгілей отырып жазылады. Мектепте құрылатын комиссияның қарауы негізінде ақша баланың ата-анасының есеп шотына аударылады.

Еске салсақ, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталып, осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал демеуші болуға ниетті жандар Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады.

 

Previous Post

БӘЙДІБЕК ЖАСТАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

Next Post

САЙРАМ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі