13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

19 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» тақырыбында Республикалық форум өтуде.

Форумға арнайы шақыртумен Америка Құрама Штаты, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан Республикаларынан келген қонақтар мен ҚР АҚДМ (Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі) азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті қатысты.

Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдау, оларды жан-жақты дамыту, сауаттылығын арттыру. Азаматтық қоғаммен бірге үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін көтеру.

Форумға спикер ретінде Америка Құрама Штаты, Вашингтоннан — Муборак Ташпулатова, Өзбекстан Республикасынан — Дамира Тохтасыновна, Қырғызстан Республикасынан — Нургуль Джанаева, Тәжікістан Республикасынан — Нуриддин Каршибоев қатысса, форумның негізгі спикері ретінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті — Бану Нұрғазиева, Түркістан облысының Құрметті азаматы Шәріпбек Жамалбек, «Береке» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Роза Абдуллаева сөз сөйледі.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, аймақ басшысының құттықтау хатын оқып берді.

«Сіздердің ел игілігі жолындағы бастамаларыңызға Мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта «Жаңа Қазақстанның» даму жолына бет түзеген еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндеріңізге кәміл сенемін», деген басқарма басшысы, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдауға облыс әкімдігі тарапынан қолдауға дайын екенін жеткізді.

Бүгінде әлемнің көптеген елінің саясатында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше сипатқа ие. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді. Яғни еліміздегі үшінші секторды қолдау мемлекет тарапынан да, бірқатар ірі компанияның қайырымдылық мақсаттағы ҮЕҰ арқылы да жүзеге асуда.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі