13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

19 августа, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында салынып жатқан олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын. 5 қабатты жатақхана аталған мектеп шәкірттерін, студенттер мен қызметкерлерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін салынған. 200 орындық ғимарат құрылысы қазан айында ақталады. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар орналытуда.

Спортты дамыту бағытында Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жаңа спорт нысандары бой көтерген. Олардың құрылысы облыс басшысының тікелей бақылауында. Нысандардың құрылыс алаңында болған өңір басшысы жауаптыларға жұмыстарды дер кезінде аяқтап, абаттандырумен айналысуды тапсырды. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды ескертті. Сонымен бірге облыс әкімі өңірде спортты дамытуға қолдау көрсету жалғаса беретінін, бұл саланың маңызды екенін жеткізді.

Спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатқан Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен салынып жатқан барлық ғимарат қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда.

Түркістанда «Мұз сарайының» құрылысы қатар жүріп жатыр. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Жаңа нысан жыл соңында ашылады. Сондай-ақ «Теннис орталығы», Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандар бой көтерді. 35 гектар жерде орналасқан ат спорты кешенінде поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы болады.

Өңірде футболға айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. 20 гектар жерде орналасқан «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалады. Жаңа кешенде 10 футбол алаңы болады. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орынды қонақүй бар.

Елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына да су келді. Облыс орталығындағы спорт кешенінің құрылысы халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. Жалпы ауданы 100 гектарға жуық алаңда орналасқан су спорты кешенінде ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасы салынды. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң, мұнда сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерінен сайыстар өтеді. Ескек есу спортын жан-жақты дамытуға мүмкіндік жасалады. Бұл спорт түрінен Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АЛТЫН АДАМ» ТІГІН ФАБРИКАСЫ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі