13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ТҮРКІСТАН: «АЛТЫН АДАМ» ТІГІН ФАБРИКАСЫ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

19 августа, 2022
in Экономика
0
ТҮРКІСТАН: «АЛТЫН АДАМ» ТІГІН ФАБРИКАСЫ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданы орталығында орналасқан «Алтын адам» тігін фабрикасы мектеп балалары үшін мектеп формасын тігіп шығаруда. «Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанның өзге өңірлерінде жақсы танылған.

2013 жылдан бастап іске қосылған тігін фабрикасында бастапқыда классикалық үлгідегі ерлер киімі тігіліп, тікелей тапсырыстар алынып, өнімдері Шымкент қаласындағы және өзге өңірлердегі дүкендерге сатылымға шығарылған. Кейінгі жылдары осы өнімге тапсырыс азайған соң, мектеп формасын тігуге көшкен. 8 жылдан бері бірыңғай мектеп формасына тұрақты тапсырыс берілуде. Жыл сайын 30 мың дана балалардың мектеп киімінен құралған бір жинақ дайындалады. Бұдан бөлек, темір жол, қорғаныс істері қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімдерін дайындауға тапсырыс алынып, қазіргі таңда тігу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда пандемия кезінде 30 мың данадан артық бетперде тігіліп шығарылған.

-Зерттеп қарасам, базарлар мен сауда орталықтарында «түрік костюмі» деп сатылып жатқанның барлығы Өзбекстаннан әкелінеді екен. Көрші елдегі кәсіпорындарға бірнеше рет барып, осы істің қыр-сырына қаныға түстім. Сол кездің өзінде Наманган облысында тек костюм тігетін 24 зауыт жұмыс істеп тұрды. Оның жиырмасының шығарып жатқан өнімі Шым­кент­ке келеді. Сосын басқа қалаларға тарайды. Ойлана келе, өзімізде осындай тігін фабрикасын ашып, отандық киім өндірісін қолға ал­мақ болып шештім. «Даму» кәсіп­керлікті қолдау қорының бағдар­ламасы бойынша 110 миллион тең­ге несиеге қол жеткізіп, Түр­киядан арнайы құрал-жабдықтар алдырттым. Клас­сикалық үлгідегі киімдер тігетін тігіншілер тапшы болды. Бұл ол­қылықтың орнын толтыру үшін шет­елден мамандар алдырып, қыз­меткерлерді оқытуға кірістік. Сөйтіп, 2013 жылдың наурыз айын­да тігін фабрикасы өз жұ­мысын бастады», – деп еске алады фабрика басшысы Балжан Ора­зәліқызы.

Аталған фабрика заманауи үлгідегі Түркия, Жапония және Қытай елінен алынған автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Фабрика басшысы Халмұратова Балжан Оразәліқызының айтуынша, биыл Алматы облысына қарасты 4 мектеппен келісімшарт түзіліп, 10 мың дана мектеп формасын дайындап шығаруға тапсырыс алынған. Мектеп формасының ұл және қыз балалар үшін бір жинағы – 14500 теңге.

Фабрикада 70-80 адам қамтылған. Алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне қарай 200-ге жуық адам жұмысқа тартылуы мүмкін.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АШЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі