13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ:  ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев атылмыш ауданның жыл соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтылатынын арнайы брифингте айтты.

Аудан әкімінің сөзінше, Әл-Фараби — Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, мұнда тұрғындар үшін барынша жағдай жасалуда. Тұрғындар ауыз сумен — 98%, электр жарығымен  — 96,5%, табиғи газбен — 99,5%, кәріз жүйесімен — 87% қамтылған.

“Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады.

Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске асырылады. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6 ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.

Tags: инфрақұрылымМұрат ӘйтеновШымкент қаласы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Next Post

САРЫАҒАШТА СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі