13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

САРЫАҒАШТА СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

19 августа, 2022
in Спорт
0
САРЫАҒАШТА СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін спорт мерекесі күніне орай мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынға ауданы әкімінің орынбасары Нурполат Талипов, аудандық мәслихат хатшысы Смайыл Тасқұлов және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов, ауданындағы бірқатар дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлері, спорт ардагерлері қатысты.

Н.Талипов аудан спортшыларының жетістіктерін тілге тиек ете келе, аудандағы спорт саласының материалдық-техникалық базасының нығайып келе жатқанына тоқталып, спорт саласының майталмандарын төл мерекелерімен құттықтады.

— Айта кетсем, 2021 жылы Қапланбек ауылдық округі, Жонарық ауылында ашық спорт алаңшасы салынып пайдалануға берілсе, қазіргі таңда Дарбаза ауылында, Құркелес ауылдық округінің Алғабас, Нұрлы жол ауылдарында ашық спорт алаңшаларының құрылысы жүргізілуде. Мұндай еңбектер арқасында үлкен жетістіктер тұр деп сенеміз. Алдағы уақытта тек биіктерден көрініп, жеңіс шыңдарында жүріңіздер. Баршаларыңызға амандық, саулық тілеймін, — деп Н.Талипов ақ жарма тілегін жеткізіп, спорт саласының үздіктеріне аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Өз кезегінде С.Тасқұлов және Ә.Жаншуақов түрлі байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген спорт саласының қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіп, марапаттады.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, өнерпаздар жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Атап айтқанда спортшыларымыз, 2021 жылы 1 спортшы әлем, 13 спортшымыз Азия чемионы атанса, әлем кубогінан 1 алтын, 3 күміс,1 қола жүлдегері шықты. 23 спортшымыз ҚР чемпионы атанды. Ал 2022 жылдың 7 айында аудан спортшылары Әлем кубогынан 1 күміс, 1 қола, Азия чемпионатынан – 2 алтын, 2 күміс, Қазақстан чемпионатынан — 5 алтын, 1 күміс, 3 қола, Халықаралық жарыстардан 1 алтын жүлдеге ие болды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

Түркістан: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» конференциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі