13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«ТҮРКІСТАНДЫ КӨРГІМ КЕЛЕДІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

16 августа, 2022
in Мәдениет
0
«ТҮРКІСТАНДЫ КӨРГІМ КЕЛЕДІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Түркістанды көргім келеді» жобасының финалистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің Бас директоры Ж.Ағыбаев жобаның мақсаты мен маңыздылығын айтты.

– Жобаның мақсаты — алыс-жақын шет елдердегі азаматтарға, өзге өңірлердегі қазақстандықтарға көне Түркістан мен жаңа Түркістанның келбетін көрсету. Ұлы даламыздың тарихымен таныстыру. Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен Түркістанды көргісі келетін азаматтар арасында сайыс ұйымдастыру арқылы тарихы терең қалаға саяхат жасау, – дейді Жанахмет Жәнібекұлы.

Жанахмет Ағыбаевтың айтуынша, бұл жоба қаланы барынша танытуға күш салған. Республика аумағынан өзге шет елдерге де туристік жағынан дамытуға өз септігін тигізген. Бұл жобаны жыл сайын өткізу жоспарланбақ.

Брифинг барысында жобаға Түркия елінен қатысқан Рахымжан Қалдыкөз өз әсерімен бөлісті.

– Осы жобаны ұйымдастырушыларға, өңір әкімшілігіне үлкен алғысымды айтқым келеді. Түркістанға 10 жыл алдын бала кезімде келген едім. Араға уақыт салып, жобаға қатысу арқылы Түркістанға келу мүмкіндігіне ие болдым. Жаңарған, қарқынды дамыған Түркістанды көріп көз тоймас ерекше әсер алдым. Түркістан аз ғана уақыттың ішінде катты дамыған, — деді Р.Қалдыкөз.

Ал Өзбекстан елінен қатысушы Фурхатжон Бегматов, Түркістан тұрғындарының қонақжайлығын ерекше атап өтіп, жобаның ұнағанын жеткізді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан Алмат Игілік «жоба жалғасын тапса екен» деген ұсынысын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетейік, жобаның ақтық кезеңіне 5 финалист өткен. Олар:

  1. Рақымжан Қалдыкөз (Түркия, Анкара қаласы);
  2. Алмат Игілік (Нұрсұлтан қаласы);
  3. Фурхатжон Бегматов (Өзбекстан Республикасы);
  4. Мақжан Болатбекұлы (Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылы);
  5. Гульнар Разуанова (Ақтау қаласы).

Еске салсақ, жобаға өтінім беру осы жылдың 14 маусымында басталып 10 шілдеге дейін жалғасты. Ал 10 шілде күні 21:00-де өтінім беру тоқтатылып, 12 шілдеде дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру ашық форматта өтіп, 31 шілде күні аяқталды. Осы ретте 3 кезеңнен тұратын (іріктеу кезеңі, Түркістанға саяхат, финалистерді марапаттау) жобаға 100-ге жуық өтінім келді. Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Өзбекстан, Түркия елдерінен үміткерлер қатысты.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ КӨКПАР МЕН АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі