13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

16 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

15 тамыз – вальс патшасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.  Осы орайда, Түркістан облысы, Отырар ауданында ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 92 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты іс-шара өтті. «Шәмші» саябағында өткен іс-шара ұлы сазгердің ескерткішіне гүл қою рәсімі, кітап және сурет көрмесімен басталып, Шәмші музей үйін тамашалаумен жалғасты.  Одан соң Отырар аудандық мәдениет сарайының қыздар дуэті шырқаған «Отырардағы той» әні халықтың көңілінен шықты.

Жиынның ашылу салтанатында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов отырарлықтарды мерейлі күнмен құттықтап, даңқты композитордың мұрасы мәңгі тарихта қалатынын айтты. Белгілі композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.

Рухани кеш одан әрі аудан өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасын тапты. Әнші М.Танашованың орындауындағы «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», С.Әбдірайымов орындаған «Арыс жағасында», «Бастау» триосы орындаған «Қайықта» әндері жан тебірентіп, ұлы сазгерді тағы бір рет еске түсірді. Концерт әншілер тобы орындаған «Шалқыған Шәуілдір» әнімен қортындыланды.

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында туған. Даңқты сазгер, қазақ эстрадасының көрнекті өкіліне биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген болатын.

Оның 300-ден астам сазды әуендері  бірнеше буынды сусындатып келеді. Ол Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумында, Ташкенттегі музыка училищесінде және Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алған. Шәмші 1950 жылдан бастап шығармашылықпен шұғылдана бастады. Оның ырғақты әндері жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Шәмші шығармаларының басты тақырыбы — елге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншіліктен туды.

 

Previous Post

«ТҮРКІСТАНДЫ КӨРГІМ КЕЛЕДІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі