13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ КӨКПАР МЕН АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

16 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ КӨКПАР МЕН АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі осындай жағымды жаңалықпен бөлісті.

Баспасөздің тартақан мәліметі бойынша, жуырда Көкшетау қаласында көкпардан және аударыспақтан жасөспірімдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты өтіп, өз мәресіне жетті.  Түркістан облысының құрамасы ұлттық спортының төресі – көкпардан бас жүлдені иеленіп, мерейімізді үстем етті.

Көкпардан жасөспірімдер құрамасын сайысқа Түркістан облысының аға бапкері Бақтыбай Шырынқұлов бастап барды. Жеңіске деген күш-жүгерлері мықты өрендер Көкше жерінде өткен бұл додаға жоғары дайындықпен барыпты. Ұлттық  спортымызды  жаңғыртып, жаңартып келе жатқан  жерлестеріміз жарады.

Көкпар додасына елімізден 10 команда қатысып, екі топ бойынша үздіктер анықталып, плейоф кезеңінде өнер көрсетті. Түркістандық шабандоздар алғашқы кездесуінде Шым қала көкпаршыларын қапы қалдырса, ақтық сында Алматы қаласының балуандарын 12:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, Ел чемпионы атанды. Бұл жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионытында екінші орын Алматы қаласының командасы иеленсе, үшінші орын Жамбыл облысының «Әулие Ата» құрамасында.

Көкше жерінде Аударыспақтан да чемпионат өтті. Қазақтың жүректі де білекті  жігіттері жаңғыртып келе жатқан ұлттық  спортымыздың бірі – аударыспақтан да  жастар жарыс жолына шықты. Республикамыз бойынша 15 командадан 90-ға жуық спортшы қатысқан дүбірлі додада жерлестеріміз 6 алтын, 1 қола медаль еншілеп, бірінші орынды иеленді. Жігіттер 8 салмақ бойынша сынға түсті. Туған елге олжалы оралған сайыпқырандарды Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы зор қошеметпен қарсы алып, оларға сый-құрмет көрсетті,- деп хабарлайды баспасөз өызметі.

Тілге тиек етейік, болашақтары  жарқын бұл  жеңімпаз жастарымызды тәрбиелеп отырған білікті  басшы Ғани Ахметбаев жетекшілік ететін  Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері  мектебінің ізбасарлары.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Next Post

«ТҮРКІСТАНДЫ КӨРГІМ КЕЛЕДІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі