13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

16 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз мәлімдемесінде, Жетісай ауданында тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отырғандығы жазылған. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су, Мақталы, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендерінде жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 20 көшесі бүгінгі таңда қолданысқа берілген.

Одан бөлек елдімекендерде жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 27 ішкі көшеге 416,9 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылса, 13,15 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 1 автомобиль жолына күрделі жөндеу, 3 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 7,47 шақырым елді мекендердегі 17 ішкі көшеге жүргізілген ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары аяқталып, 8 көшеге 8,8 шақырымды құрайтын аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілуде.

Елді мекендердегі 2 көше қиылысына бағдаршам қойылып, Жетісай қаласында 6 дана бейнебақылау камералары орнатылған.

Жетісай қаласы тұрғындарының электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдағы уақытта 80 га аумақта 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы жүргізілетін болады. Қосалқы станция қала аумағындағы 12 көпқабатты 440 пәтерлі үйлерді, яғни, 1842 абонентті сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сол арқылы тұрғындардың электр қуатына деген сұраныстары толық қанағаттандырылып, әлеуметтік жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалады,-деп жазылған.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГТАР КҮНІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРІ КӨКПАР МЕН АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі