13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ЖАСТАР АТ САЛЫСТЫ

11 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ЖАСТАР АТ САЛЫСТЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Арыс қаласының 66 жылдық мерей тойы» және «11 тамыз жастар күніне» орай, Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар- жарқын болашақ» атты салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, жастардың арасында, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Аталған сайысқа қала жастары мен қоса Шымкент қаласы, Қазығұрт және Ордабасы аудандарының жастары спорттың гір тасы, қошқар көтеру,қол күрес, арқан тартыс сынды спорттық түрлерінен бақтарын сынады.

Жарыстың негізгі мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды белсенділікке, алғырлыққа, тапқырлыққа, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстың нәтижесінде:

Гір тасын көтеру бойынша:

I орын-Байқозы Сүндет

II орын- Наширов Баймұрат

III орын- Жұман Ерасыл

Қол күрестен 75 салмақта өнер көрсеткендер:

I орын- Қалдыбек Нұрхан

II орын- Елеу Ақниет

III орын- Наширов Баймұрат

Қол күрестен 85 салмақта өнер көрсеткендер:

I орын- Байназаров Абзал

II орын- Қоспан Жолдас

III орын- Әшірбек Ғалымжан

Қол күрестен 85+ салмақта өнер көрсеткендер:

I орын- Ибрагимов Ержан

II орын- Алтаев Ерасыл

III орын- Мақұлбеков Азамат

Арқан тартыс

Рәтәй Қажы мешіті командасы

Қошқар көтеруден:

I орын-Мақұлбеков Азамат (1111)

I орын- Мәжіт Архат (160)

III орын- Айтбек Данияр (150)

және де нәзік жанды Әділ Ақнұр 64 рет қошқар көтеріп, ерекше көзге түскені үшін арнайы марапат пен сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, жеңімпаз жастар мен Арыс қаласының өркендеп дамуына, жастардың патриоттық рухын көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануда атқарып жүрген орасан зор еңбектері үшін:

Тәңірбергенов Рүстем, Көшкінбаев Ерзат, Тойбеков Мақсат, Байназаров Абзал , Сапаров Ғалымжан, Жанаш Қайрат, Балғынбаев Саят, Қосшыбеков Досбол, Анықбаев Мади, Сугурбеков Қайрат Арыс қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сейсенбекқызының арнайы алғыс хатымен марапатталып, жүлделі бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ШИПАЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі