13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Туризм

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ШИПАЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11 августа, 2022
in Туризм
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ШИПАЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың шипалы суын алыстан іздеп келушілер саны күн сайын артуда. Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты шипажайлардың да саны жылдан жылға артып келеді.

Осы мақсатта аудан әкімі М.Отаршиев «Керуен» шипажайының пайдалануға берілген қосымша ғимаратының жұмысымен танысып қайтты.

Айта кетсек, «Керуен» шипайжайының құрылысы жүргізіліп, өткен жылы халық игілігіне пайдалануға берілген. Келушілердің саны көп болуына байланысты қосымша ғимараты соғылып, бүгінгі таңда іске қосылған. Шипажай заманауи құралдармен жабдықталған, барлық талапқа сай. Аталған шипажайдың ашылуы негізінде жергілікті тұрғындардың жұмыс мәселесі шешіліп, тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған.

Сарыағаш ауданына ағымдағы жылдың жартыжылдығында 51 мыңнан аса турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 21 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 600 млн теңге болатын 4 жоба іске асырылып, 85 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Айта кетейік, облысымыз тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда.

Осы бағытта туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік  ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік  климат жасау арқылы туристік  салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік  әлеуетін танымал ету, елдің туристік  саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік  қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ республика халқының өмір деңгейін арттыруға бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Tags: Түркістан облысыӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Шымкентте Абай күні ерекше ықыласпен аталып өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ЖАСТАР АТ САЛЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі