13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Абай күні ерекше ықыласпен аталып өтті

10 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Абай күні ерекше ықыласпен аталып өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

10 тамыз – Абай күні. Шымкентте ел руханияты үшін айрықша саналатын мерекені атап өту 9 тамыздан басталды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі күндік «Кітап керуені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында өткен іс-шараға шымкенттіктер белсене қатысты. Оқырмандар Арбат демалыс аймағында көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптарымен танысты.

Ұйымдастырушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.

Шымкентте Абай күні ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталды. Жиынға Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов ақын-жазушылар, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.

–Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Ол шындықты айта отырып, өлеңдері мен қара сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, адал достыққа үгіттеді. Күні бүгінге дейін дана ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан емес,- деді Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы.

Мерекеге жиналған қауым Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтты. Белсенді шымкенттіктерге кітапхана атынан сый-сияпат жасалды. Іс-шараның жалғасы «Абай» кітапханасында жалғасты. Мұнда да ойшыл, ағартушының шығармашылығы насихатталды.

Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толуына орай, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай іс-шаралардың бірі, «Абай» кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Абай салған әндер-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Әдеби-музыкалық кештің мақсаты – қазақ халқы үшін ғана емес, әлем халықтары арасында әйгілі Абай Құнанбайұлының шығармаларын халық арасында кеңінен дәріптеу және қайта жаңғырту.

Кітапханада өткен әдеби кеште, Абайдың өмір жолы, шығармалары, қара сөздері мен әндері шырқалды. Сонымен қатар, кешке келген кітапхана оқырмандары да қосыла ән-салып, бірқатар өлеңдерін жатқа оқыды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленіп, 2020 жылдан бастап аталып өтілуде.

Previous Post

«Күміс домбыра»: Абай күніне орай айтыс өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА ШИПАЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі