13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

11 августа, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Арыс қаласының 66 жылдық мерей тойы» және 11 тамыз «Жастар күніне» орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі»ММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен жасөспірім балалар арасында шахмат ойынынан сайыс өткізілді.

Жалпы, шахмат ақыл-ой спорт түрі. Оның мағынасы парсыдан аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең тараған ойындардың бірі саналады. Оның адам мінезін қалыптастыруда, ақыл-ой қабілетін дамытуда зор маңызы бар.Сондықтан ұйымдастырушылар интеллектуалды ойынның дәл осы түрін таңдаған. Тартысқа толы ойынның нәтижесі бойынша:

I орын- Шынбөрі Аяулым (С. Қожанов мектебі)

II орын — Махаш Дархан (Ә. Жангелдин мектебі)

III орын- Тоқсанбай Сүйінбай (Б. Онтаев мектебі)

III орын — Тоқсанбай Бейімбет (Б. Онтаев мектебі)

Сонымен қатар:

Жас ойыншы номинациясына — Құралбай Әлихан (С.Сейфуллин мектебі)

Үздік жақсы ойын көрсеткені үшін — Нәлібай Нұртілеу (А.Тілеубердин мектебі)

-Байыл Әсет (С.Сейфуллин мектебі)

-Рысбайұлы Нұрсұлтан (Қабылсай жалпы орта мектебі)

— Әбдіхалық Орынбасар (Б.Онтаев мектебі) арнайы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың алғыс хатымен марапатталып, жүлделі сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетейік, 12 тамыз — Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн (International Youth Day) БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сəйкес 1999 жылғы желтоқсанның 17-інен бастап атап өтіледі (Лиссабон, 1998 жылғы тамыздың 8-і мен 12-і аралығы). Кейбір мемлекеттерде жастар күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мысалы, Қытай, Түркия, Тунис, Камерун мемлекеттері жастар күніне айрықша маңыз береді.

Биыл жастар күні Арыс қаласының 66 жылдық туған күнімен бірге аталып өтілді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ЖАСТАР АТ САЛЫСТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі