13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан : 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңіріндегі 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды. Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиев айтты. «Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-і (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) яғни, 85,7 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл ауыз сумен жабдықтау бойынша 53 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 26-ын осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал қалған 27 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі», — деді басқарма басшысы Сәкен Шалабайұлы. Спикердің сөзінше, жыл қорытындысымен, 13 елді мекенді (Сарыағаш-4, Келес-4, Қазығұрт-2, Ордабасы-3) ауыз сумен қамтамасыз ету, ал 14 елді мекеннің (Сауран-1, Қазығұрт-1, Төлеби-5, Жетісай-2, Мақтарал-1, Ордабасы-1, Шардара-1, Түлкібас-2) тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 119 ауылдық елді мекеннің 71-не су құбырларын жүргізу, 48-не блок-модуль кешенін (КБМ) орнату жоспарлануда. Айта кетейік, өңірдегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігімен «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді.
Айта кетейік, өткен жылы ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша өңірде 58 нысанның құрылысына бюджеттен қаражат бөлінген. Осы арқылы 25 нысан пайдалануға берілсе, қалған 33 нысанның құрылысы ағымдағы жылға аяқталады. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 8 ауылдың тозығы жеткен құбырлары қайта жаңартылған. Қазір облыстағы 841 елді мекеннің 717-сіне таза ауыз су жеткізілді. Ал, ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша 38 нысанның құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп отыр. 28 нысан биыл пайдалануға берілсе, қалған 10 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жоспар бойынша жыл қорытындысымен 24 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 14-інде тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ. Осы жұмыстар нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 741-ге жетеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзауыз суТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан : Отырар ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкент: 250-ге жуық азаматтың өтініші тыңдалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі