13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : Отырар ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан : Отырар ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары АГТС салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған болатын. Отырар ауданының халқы асыға күткен газдандыру жұмыстарының құрылысы бүгінде қарқынды жүргізіліп келеді. 2018-2021 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары басталған 21 нысанның қазіргі таңда 12 нысаны аяқталған.Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов аймақтағы Арыс және Қарғалы елді мекендеріне барып ондағы газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Газ тарту құрылысын жүрігізіп жатқан жұмысшылармен кездесіп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне мән беру керектігін ескертті.Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергеновтің айтуынша Қарғалы елді мекеніндегі газ құбырын салу нысаны 2021 жылдан бастап мердігер мекеме «Жылуэнергоремонт» ЖШС тарапынан атқарылуда. Нысан 2022 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба бойынша 17 шақырым жоғарғы және орта қысымды газ жүйелері тартылуы қажет. Қазіргі таңға дейін газ жүйесі жүргізіліп, келесі кезекте абоненттерге арналған газ жәшіктері мен жоба бойынша қаралған басқа да жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ Отырар ауыл округіне қарасты Арыс елді мекеніндегі газ құбырын салу нысаны 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аталған елді мекенде 34,1 шақырым жоғарғы және орта қысымды газ жүйелері тартылады.

Бүгінге дейін мердігер «JANA KZ QURYLYS» ЖШС тарапынан жер асты газ жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп біткен. Енді жер үсті газ жүйесін тарту жұмыстары және газ жәшіктерін орнату бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.Аралау барысында Жансұлтан Әділжанұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, газ жүйесі құбырларын орнату жұмыстары аяқталған елді мекендерде тұрғын үйлерге ішкі газ жүйесін тарту бойынша түсіндіру жұмыстарын қазірден бастап жүргізу керектігін атап өтті.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзгаздандыруОтырар ауданыТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда «Ұлттық музыка академигі» атты танымдық- музыкалық кеш өтті

Next Post

Түркістан : 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі