13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Ұлттық музыка академигі» атты танымдық- музыкалық кеш өтті

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Ұлттық музыка академигі» атты танымдық- музыкалық кеш өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық Мәдениет үйінде композитор, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлттық музыка академигі» атты танымдық- музыкалық кеш өтті.
Қазақстандағы музыкалық мәдениетте алар орыны ерекше Еркеғали Рахмадиев 1932 жылы дүниеге келген. Шығармашылығының көбі сайын дала келбетінің әсемдігімен қалыптасқан, туған халқының адамгершілігі, елдігіне қатысты жырланады. Оның әндік әуендері халық даналығының қайнар бұлағынан, оптимистік дүниетанымынан көрініс табатын лирикалық шынайылықпен толықтырылып, тартымдылығымен ерекшеленеді. Композитордың лирикалық поэзиясы өзінің өткірлігі, сезімдері мен эмоцияларының жоғары деңгейде құрылуымен сипатталады. Оның вокалдық-хорлық, оркестрлік, театрлық-сахналық, яғни үлкенді-кішілі формадағы шығармаларына лиризм тән. Еркеғали Рахмадиев – өз халқының мәдениетімен терең байланысқан композитор…Оның музыкасы заманауи қазақ музыкасының бетке ұстар үлгісі.
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараға өнерсүйер қауым қатысты.
«Еркеғали Рахмадиевтың артында қалған мол мәдени мұралары өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Симфониялық шығармалар жазу тек кәсіби композиторларға ғана бұйырған бақыт. Бұл өз кезегінде үлкен сауаттылықты қажет етеді. Міне, осындай талантты сазгерлердің ішінде Еркеғали Рахмадиев те бар. Сазгердің жүрегінен туған «Қамар сұлу» , «Дала таңы», «Дайрабай», «Құдаша-думан» симфониялық күйлері мен «Амангелді», «Толғау» сынды өзге де шығармалары сөзімнің дәлелі іспеттес» ,-деді шарада сөз алған әнші-сазгер, мәдениет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ақын-ұстаз Қаламқас Өтеуова. Сондай-ақ ол өнер саласында еңбегі сіңген тұлғалар жайында осындай шара ұйымдастырған Мәдениет үйі қызметкерлеріне риясыз ризашылығын білдірді. Өнер кешіне арнайы келген көпшілік Мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасын тамашалап, ерекше көңіл күймен тарасты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкомпазиторТүркістан облысыҰлттық музыка академигі
Previous Post

Шымкенттік азамат 62 жасында жұмысқа жолданды

Next Post

Түркістан : Отырар ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі