13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: 250-ге жуық азаматтың өтініші тыңдалды

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: 250-ге жуық азаматтың өтініші тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті тамыз айындағы бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келген болса, соның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірсе, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

«Түркістан» сарайында өткен біріңғай қабылдауда шахар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетінін айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.

Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер ендіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды.

М.Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтуде. Шара аясында қала әкімі М.Әйтенов, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері, сонымен бірге полиция және прокуратура өкілдері азаматтарды қабылдауда. Ашық есік күні кешке дейін жалғасады. Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарды бірыңғай қабылдауы әр айдың бірінші сәрсенбі күні өтуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан : 831 елді мекеннің 86 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылды

Next Post

Шымкент: Экология  департаменті 6 айда атқарылған жұмыстарын қортындылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі