13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан : Жетісайда құқық бұзушылықты алдын-алу мәселесі талқыланды

2 августа, 2022
in Қоғам
0
Түркістан : Жетісайда құқық бұзушылықты алдын-алу мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау күн тәртібіндегі мәселелердің бірі екендігі баршамызға аян. Осы тұрғыда аудандық әкімшілік ғимаратында мекемеаралық жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан прокуроры Айдархан Жорықбайұлы, аудан әкімнің орынбасарлары мен аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық полиция бөлімі бастығының м.у.а Есімжан Надиров пен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, Түркістан облыстық “Парвиз” этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов пен «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамуратов пен дербес бөлім басшылары қатысты.

Мәжілісті аудан прокуроры Айдархан Жүнісбеков ашып,жүргізіп отырды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Жиын барысында аудандағы құқық бұзушылық профилактикасы, проблемалық мәселелер мен осы бағытта атқарылған жұмыстардың барысы талқыланды.

«Ұлтаралық ынтымақтастық және аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі» жайында аудан әкімінің орынбасары Серік Прімбеков пен «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамуратов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар есебін берді. Аудандық полиция бөлімі бастығының м.у.а Есімжан Надиров пен баяндамашылар тарапынан ұсыныстар енгізіліп, алдағы уақытта бекітілген кесте мен алгоритм жүйесі бойынша бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

«Әлеуметтік қауіп ошақ картасына енгізіліп, ұзақ уақыт шешімін таппаған мәселелерді талқылау, кризистік жағдайдың орын алуына жол бермеу» мәселесі бойынша аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев баяндама оқыса, аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлы мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтен жоғарыда аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, талқылау жүргізілді.

«Коммуналдық қалдықтарды тазарту» мәселесі бойынша Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Күлішұлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзЖетісайТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Сайрамда білімді жастар сынға түсті

Next Post

Түркістан облысының құрама командасы үстел теннистен жүлделі бірінші орынға ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі