13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сайрамда білімді жастар сынға түсті

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сайрамда білімді жастар сынға түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»- деген болатын. Жаңа Қазақстан жастарының басты артықшылығы — озық ойлы, жан-жақтылығы мен білімділігінде болуы тиіс. Осы ретте білімді жастардың басын қосатын «Эрудит» интеллектуалды ойынының облыс көлемінде кең етек жаюы  ғылымға құштар жастар үшін үлкен серпіліс сыйлайды. «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауы және аудандық «Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Эрудит» білім бәсекесі жалғасын тапты. Ойынға Түркістан облысының аудандық командаларынан бөлек, Тараз және Шымкент қалаларынан 30-ға жуық топ қатысты. Біліктілікпен қоса тапқырлық пен шапшаңдықты қатар талап ететін бәсекеде Тараз қаласынан келген “Dream Team” командасы жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» «Тұран» командасы иеленсе, Сауран ауданының жастары үздік үштікті қорытыныдылады. Сондай-ақ тараздық «QazIQ Тараз» командасы мен Созақ ауданының жастарынан құралған ұжым ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Интелектуалды ойын алдағы уақытта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.Жалпы «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл.

Previous Post

Түркістан облысының полицейі әлемді мойындатты

Next Post

Түркістан : Жетісайда құқық бұзушылықты алдын-алу мәселесі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі