13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының полицейі әлемді мойындатты

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының полицейі әлемді мойындатты
Share on FacebookShare on Twitter

Шілде айының соңғы 10 күнінде Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттық жарыс өткізілді. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысты. Оның ішінде Түркістан облысы ПД, Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар.

Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, алтын медальді иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ орынды алды.

Осылайша Созақ ауданының тумасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрқанат Беркінбайұлы, елге алтын және күміс алқамен оралды. Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес, тіпті Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы деген атақтарын иеленген. Отбасылы, көпбалалы әке. Бүгінде жұбайы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.Жалпы Түркістан облысы полицияның сервистік моделіне көшу бойынша облыс көлемінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бұдан әрі қарай Президенттің тапсырмасын, Ішкі істер министрлігінің нұсқауларын бұлжытпай орындап, нақты нәтижені көрсету үшін жұмыстарды жандандыра береміз. Мақсатымыз –қарқынды дамып келе жатқан облыста қылмыс санын азайту және алдын алу. Сондықтан бірлесіп, әрбіріміз қылмыспен күресе білейік. Жаңашылдыққа бет бұрып, рухани астана саналатын Түркістанымыздағы жұмыстарды бұдан әрі де жандандыратын боламыз, – деді полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды

Next Post

Түркістан: Сайрамда білімді жастар сынға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі