13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан он көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер газға қосылуға дайын. Бүгін Кентау қаласының әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен көпқабатты тұрғын үйлердің газ тарату шкафтарын газбен толтыру жұмыстары іске қосылды. Енді әр пәтер тұрғындары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ «Кентау Газ Шаруашылығына» барып дербес шот ашу арқылы үйлерін газға қоса алады.

-Газды құбырларын жасаған мердігер жеке-жеке қосады. Ол үшін әр пәтер тұрғындары үйде болу керек. Газға қажетті пеш дайын болуы қажет. Мамандар әбден тексеріп, қосуға дайын деген кезде кезең-кезеңімен пәтерлерді қосамыз — деді Түркістан облысы бойынша «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының директоры Ержан Балабеков.

Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 2063 абонент тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Қалада 200-ден аса абонент газбен қамтылған.

-Өте қуаныштымыз. Үйіміздің маңайына газ келді. Қала басшыларына рахмет! Айтқан уәделерін орындады. Енді құжаттарымызды дайындасақ, үйімізге газ қосылады. Жолымыз да салынды, — дейді Ш.Уәлиханов көшесінің тұрғыны Орынкүл Жолдыбай.

— Кентау қаласында Яссауи, Шәкірім, Рысқұлов көшелерінің бойында 7 үй көгілдір отынға қосылды. Олар толықтай құжаттандырылып, заңды түрде газбен қамтылды. Лицевой счет ашылды. Халық уже пайдаланып жатыр газды. Тағы да 40 үйдің техникалық условие ашылды. Енді оларды да газға қосуға дайындап жатырмыз. Айдың аяғына таман 100-ге таман үйге газ өткіземіз деп отырмыз – мердігер компания өкілі Жандос Сабыров.

70 мың тұрғыны бар қалада, алдымен 11 мың тұтынушы көгілдір отынның шарапатын көрмек. Қазір барлық тұрғындарды табиғи газбен қамту үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сала мамандарының айтуынша күзге дейін  18 200 абоненттің барлығына газ жеткізілмек. Сондай-ақ, алдағы 2 жылда Кентау қаласына қарасты 4 ауылға көгілдір отын тартылады деп күтілуде.

Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың ІІ кезеңі нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оны биыл тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзКентаутабиғи газТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: «Балалар жылында» кентауда халықаралық балалар марафоны өтеді

Next Post

Түркістан облысының полицейі әлемді мойындатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі