«Балалар жылында» Кентау қаласы әкімі Рашид Аюповтың тапсырмасына сай «KENTAU KIDS MARATHON 2022» халықаралық балалар марафонын өткізуге дайындық басталды. Марафонға екі мыңға жуық жас спортшы қатысады деп жоспарланып, соған жағдай жасалып жатыр.
Халықаралық деңгейде өтетін марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылықтарын таныстыра алады. Сондай-ақ марафон жеңімпаздарына халықаралық жарыстарға жолдама беріледі.
2022 жылы қыркүйек айының 25-жұлдызында өткізілуі жоспарланған іс-шараға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жарысқа қатысушылармен қатар қолдаушы қонақтар да келуіне байланысты Кентаудың туристерді қабылдау әлеуеті көрсетіледі. Кентау қаласында халықаралық деңгейде өтетін алғашқы спорттық іс-шарасы жергілікті кәсіпкерлерге де қолайлы болмақ.
Жалпы балаларды жан-жақты дамыту, құқығын қорғау, ізгілікке, шығармашылыққа бейімдеу бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының, балалар әдебиетінің, анимация саласының маңызы жоғары. Әлеуметтік желілерде, сайттарда бала дүниетанымына оң әсер ететін дүниелерді көбейту мәселесі де өзекті. Жасөспірімдерді қатыгездікке шақыратын, ой-өрісін, жан-дүниесін бұзатын керітартпа ақпарат көздерін шектеуіміз қажет. Бұған қарсы тұру үшін бүгінгі жиынға қатысып отырған шығармашылық өкілдері мен жергілікті билік күш біріктіргені жөн. Осылайша «Балалар жылында» Кентау қаласы әкімі Рашид Аюповтың тапсырмасына сай халықаралық балалар марафонын өткізуге дайындық басталды.Қорыта айтқанда жарысқа қатысушылармен қатар қолдаушы қонақтар да келуіне байланысты Кентаудың туристерді қабылдау әлеуеті көрсетіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі