13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: «Zhas Project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

2 августа, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: «Zhas Project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Ерасыл Әшірбайұлы және «Zhas Project» Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің консультанттары Нұрғазы Оразәліұлы, Ерасыл Көшербаев аудан, қала жастарымен кездесу өткізуде. Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар берілетіні, оны алу жолы түсіндіріліп жатыр.

Атап өтейік, жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастары, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады.

Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы аясында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылып жатқан жоба енді Жетісу және Ұлытау облыстарын да қамтиды. Аталған өңірлерде жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Әрбір грант аясында нақты жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылып отыр. «Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау. Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар; аз қамтылған отбасыларда тұратын жетімдер және мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар; көп балалы отбасылар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі. Конкурстық рәсімдер ашық болу үшін аталған аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады, оларға қоғам өкілдері, салалық сарапшылар, кәсіпкерлер кіреді. Жобаларды іріктеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың барлық отырыстары әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетіледі. Әрбір жоба сараптамадан өтеді, олардың әрқайсысын іске асырудың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіледі. Республикалық қоғамдық мониторинг тобы құрылады.

Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және биылғы 10 тамызға дейін жалғасады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзZhas Project»жастарТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Next Post

Түркістан: «Балалар жылында» кентауда халықаралық балалар марафоны өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі