13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова аталған білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарының қандай деңгейде жүріп жатқанын зерделеп шықты.

— Жаңа оқу жылында оқушылар жаңарған мектепте білім алатын болады. Мердігер мекемелер өз жұмысын тиянақты атқаруда. Негізі құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болғанымен, мүмкіндігінше биылғы оқу жылына дейін аяқтау міндеті тұр. Жалпы сапалы жұмыстың нәтижесін көріп тұрмыз. Мұның барлығы түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар, — деді Оразкүл Шайхықызы.

Аталған білім ұяларында күрделі жөндеу тамыз айының ортасында аяқталады деп жоспарланған. Төле би атындағы №19 жалпы орта мектептің директоры Алтынбек Момбековтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын «Kazintelgroup» мердігер мекемесі жүргізуде. Ал М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп директоры Руслан Стамқұлов күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталғанын хабарлады.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 89 мектеп салынады. Ол білім ұяларында 72 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінде өңірде білім ұяларының жобалары, жер телімдері, құжаттарын әзірлеу жұмысы басталуда.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, облыста 2023 жылы – 2, 2024 жылы – 31, 2025 жылы – 56 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ең көп мектеп қажеттілігі бар аудан, қалаларға тоқталсақ, Түркістан қаласында 8 мектеп бой көтереді. Сонымен бірге Келес ауданында – 8, Сауран ауданында – 9, Сайрам ауданында 12 мектеп салынбақ.

Tags: 13kz13kz.kz13кзбіліммектепТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Сайрамдағы жаңа тігін шеберханасы 28 мың дана әскери киім тігуге тапсырыс алды

Next Post

Түркістан: «Zhas Project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі