13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

5 июня, 2020
in Қоғам
0
КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН
Share on FacebookShare on Twitter

Былтыр Алматыдағы “Медеу” спорт базасы аумағында танымал спортшылардың қатысуымен алып ту орнатылды. Оған «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы қатысып, «Менің туым, менің Отаным!» акциясы ресми түрде басталған болатын. Партияның барлық өңірлердегі филиалдары акцияны қолдап, үйлестіруге кірісіп кетті. Бұл бастаманың мақсаты – Мемлекеттік Тудың қолданылу аясын кеңейту және насихаттау, жастарды отаншылдыққа шақыру.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге дәріптейтін акция Түркістан облысында жоғары деңгейде өтіп келеді. Былтыр өңірдің аудан, қалаларында 123 нысанға 164 ту ілінді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Көк байрағымыз қоғамдық орындар мен ірі сауда орталықтарында желбіреді. Дәлірек айтсақ, ірі сауда үйлерінде – 12, арнаулы және жоғары оқу орындарында – 46, қоғамдық орындарда – 29, спорттық кешендер мен өзге де кешендерде – 24 ту ілінді.

Сонымен бірге туристік нысандар мен авто және темір жол вокзалдарында да байрағымыз желбіреді. Туристік және спорттық нысандарға, білім ұяларына да ілінді. Акцияны партияның Түркістан облыстық филиалы жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Бүгінде Елбасы Жарлығымен жаңару кезеңі басталған Түркістанда халықаралық деңгейдегі ірі нысандар салынып жатыр. Туристік және спорттық кешендер де бой көтеріп келеді. Бұл нысандарға да Мемлекеттік Туымыз ілініп, көкте желбірейтіні анық.

Ту – елді біріктіретін, рухын көтеріп, абыройын аспандататын құдіретті күш. Сонау Сақ, Ғұн, Түркі дәуірлерінде де бабаларымыз туды биік ұстап, ұлы істерге ұмтылған. Қазақстанның Мемлекеттік Туы өзінің терең мағынасымен, ұлттың дүниетанымы және болмысымен үйлесетін астарлы ойымен, шебер дизайнымен ерекшеленеді.

Ұлыбританияның Премьер-Министрі болған аса танымал қайраткері Маргарет Тэтчердің «Жұрт Эверест шыңына өзі үшін шыққанымен, биік шыңға өз мемлекетінің Туын тігеді» деген сөзі бар. Елдің бәрі альпинист болуы мүмкін емес. Бірақ әр азамат өз саласында адал еңбек етіп, Отанды гүлдендіруге үлес қосса, Қазақтың қыраны қалықтаған Көк Туы мәңгі биікте желбірейтіні сөзсіз! Көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыздың мәртебесі биіктеп, Әнұранымыз шырқала бергей!

Ғабит САПАРБЕКОВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Previous Post

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АДАЛ БОЛУДАН БАСТАЛАДЫ

Next Post

1150 ТҮЛЕК БАҚ СЫНАМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі