13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан: Бостандық елді мекені ауыз сумен қамтылады

2 августа, 2022
in Билік
0
Түркістан: Бостандық елді мекені ауыз сумен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекеніндегі жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан ауыз су мұнарасының және су құбырларының құрылысымен танысты. Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Ауданда елді мекендердің 60,2 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сол себепті тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.

Құрылыс нысанында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Айта кетсек, қазіргі таңда елді мекенге мердігер мекеме «А.S. ИнвеСтрой» ЖШС-гі тарапынан 37 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 513 абонент, яғни 3956 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылы ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша өңірде 58 нысанның құрылысына бюджеттен қаражат бөлінген. Осы арқылы 25 нысан 2021 жылы пайдалануға берілсе, қалған 33 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 20 елді мекен (Арыс–1, Сарыағаш –2, Келес–9, Қазығұрт–2, Ордабасы–6) ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 8 елді мекеннің (Келес–1, Төлеби–1, Жетісай–5, Мақтарал–1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылған. 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы 841 елді мекеннің 717-сі ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2022 жылы ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша 38 нысанның құрылысына бюджеттен қаржы бөлінді. 28 нысан биыл пайдалануға беріледі, қалған 10 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жоспар бойынша жыл қорытындысымен 24 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 14 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ. Осы жұмыстар нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 741-ге жетеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзауыз суБостандықСарыағаш ауданыТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті

Next Post

Түркістан облысының спортшылары 40 медальмен топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі