13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары 40 медальмен топ жарды

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының спортшылары 40 медальмен топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда есу спортынан жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға 12 өңірден 130-ға жуық спортшы қатысты. Спортшылар 1000, 500, 200 және 5000 метр қашықтықта сынға түсті. Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионатында Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Су спорты түрлерінен Түркістан облысының ОРМБЖСМ спортшылары алғашқы күннен чемпионаттың басты фавориттері болды. Жерлестеріміз әр түрлі бағдарламаларда 19 алтын, 12 күміс және 9 қола жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға тоқталсақ, Н.Сергеева К-1; 1000 м, К-1; 500 м, К-1; 200 м, К-1; 5000 м қашықтықтары бойынша 4 алтын медальді олжалады. Сонымен қатар К.Семеникинамен жұптасып ескек есуде де топ жарды. Чемпионатта Б.Раматулла, В.Панкратов, К.Семеникина, Е.Тютюкина, Т.Әлиханов, Д.Бахрадин, Д.Корыткина, Д.Эргашханова да алтыннан алқа тақты. Командалық екінші орын Шымкент спортшыларына бұйырса, үштікті елордалықтар қорытындылады.

Түркістан облысының үздік ескек есушілері О.Ковалева, Е.Кеңесов, С.Сергеев, Е.Синявская сынды бапкерлердің басшылығымен Азия Кубогына дайындықты бастап кетті. Бұл жарыс 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Жапонияда өтеді. Осылайша Түркістан облысының спортшылары 40 медальмен топ жарды. Соңғы жылдары Түркістанда су спорты дамып келеді.

Жалпы алғанда, киелі өңірдің спорты жылдан жылға дамып келеді. Облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы бері қалада жаңа спорт нысандары салынуда. Құдай бұйыртса, осы спорт нысандарынан келешекте облыстық, республикалық, халықаралық дүбірлі жарыстарда биік шыңнан көрінетін спортшылар шығады деп сенейік.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Бостандық елді мекені ауыз сумен қамтылады

Next Post

Түркістан: Түлкібас ауданында биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі