13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан: Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті

2 августа, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан: Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті. «Түркістан текті төріміз» атты үш күндік концерттік бағдарламада «Түркістан төрінде – саялы Сарыағаш» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі, қолөнер көрмесі, аудан өнерпаздарының концерті ұйымдастырылды.Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс әкімінің бекітілген тапсырмасымен 2022 жылдың 4 наурызынан бастап «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың Түркістан қаласындағы мәдениет күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мәдени іс-шараға Сарыағаш ауданының зиялы қауым өкілдері, өнерпаздары және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік шарада ауданнан шыққан өнер майталмандары, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі мен «Сарыағаш» вокалды аспаптар ансамблі халықаралық, республикалық және облыстық байқау жеңімпаздары, аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сарыағаштық өнерпаздардың өнеріне тәнті болған көрермендер оларға өз бағасын беріп, аталмыш концертті ұйымдастыруға мұрындық болған жандарға алғысын білдірді. Аталған 3 күн ішінде көпшілік сарыағаштықтардың өнерін ғана тамашалап қоймай, «Шебер қолдар» және «Жәдігер жауһарлар» атты тарихи көрме, сондай-ақ  «Қарашығымдағы Сарыағашым» атты фото көрмесімен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған концерттік шара қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени әрі рухани демалыс сыйлау мақсатында өткізіліп жатыр. Көпшілік шараның алғашқы күндері Сарыағаш мәдениетімен таныс болса, алдағы уақытта өзге аудан өнепрпаздарының да өнеріне куә болмақ.

Tags: 13kz13kz.kz13кзСарыағаш ауданыТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын АГТС іске қосылды

Next Post

Түркістан: Бостандық елді мекені ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі