13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан: Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын АГТС іске қосылды

2 августа, 2022
in Билік
0
Түркістан: Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын АГТС іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бейнеу-Шымкент» магистралды газөткізгішінің 1285 шақырымындағы станция Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды. АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 млн. теңге, қуаттылығы – 33 000 м3/сағатына, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариеваның айтуынша, өңірде газбен қамту жұмысы қарқынды.

– «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек. Бұдан бөлек Мақтаарал ауданындағы АГТС қуатын молайттық. Қазығұрт ауданында да бір АГТС пайдалануға беруге дайын тұр. Елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді ол.

«Ескі Иқан» АГТС арқылы Сауран ауданындағы Ескі Иқан, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ойық, Шоқтас, Ибата, Бершінтөбе елді мекендері табиғи газға қосылады. Сонымен бірге Түркістан қаласында орналасқан «Hazret Sultan International Airport» әуежайы да газбен қамтылады.

Айта кетейік, өңірді газдандыруды жалғастыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 23,3 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. Бекітілген бюджетке сәйкес, 2022 жылы 10,2 млрд теңгеге 39 жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде биыл 24 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұл газға қосымша 31 елді мекен, яғни 41 мыңнан астам адам қол жеткізеді деген сөз.

Жалпы алғанда Түркістан облысында табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің жалпы саны 457 немесе 54,3%-ға жетті. (1 млн. 374 мың адам немесе 67,2%). Жылдар бойы шешімін таппаған 300-ге жуық нысанның мәселесі шешілді. Бүгінде 252 нысан пайдаланушы ұйымның теңгеріміне өткізілді. Нәтижесінде, 1 млн. 100 мың тұрғын табиғи газды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік алды. Сонымен қатар газ құбырлары мен АГРС-ті күтіп-ұстау және авариялық-диспечерлік қызметтері артты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысыӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Түркістан: «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды

Next Post

Түркістан: Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі