13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаев хабарлады.

«Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды. Басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың және жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталады. Яғни оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетіледі. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі», — деді Нұржан Мәдірайұлы.

Спикердің сөзінше, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін рейд жүргізілмек. Рейдтердің қорытындысы бойынша тізімдер жасалады. Бұл тізім білім беру органдары мен демеушілерге беріледі.

Сонымен қатар, акция кезеңінде сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады.

Брифинг барысында, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғ.Әмірәліқызы, тізімдер ата-аналардан өтініштерді қабылдау арқылы жасалатынын және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, мұқтаж жандарға көмек¬тесуді, сондай-ақ демеу¬шілік көмек көрсетуді қалайтын кез кел¬ген адам Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады. Осылайша «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың және жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Мұрат Әйтенов мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды тапсырды

Next Post

Түркістан: Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын АГТС іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі