13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды тапсырды

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова есеп берді. 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарыбойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды. Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты. ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды. Жиынды қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов бірқатар тапсырмалар берді: — азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу үлесін арттыруды; — мемлекет қамқорындағы балалардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын бақылауға алуды; — аялдамалардың, қоғамдық орындардың пандустарын реттеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аса көңіл бөлуді; — тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру, олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қолға алуды жүктеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Шымкент: Асар-2 елді мекенінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылады

Next Post

Түркістан: «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі