13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкенттегі «Көрме орталығы» қайта жанданды

29 июля, 2022
in Билік
0
Шымкенттегі «Көрме орталығы» қайта жанданды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Көрме орталығы» қайта ашылды. Мәдениет саласының ардагері К.Айдарбекова мен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы А.Насыр салтанатты түрде ғимараттың лентасын қиып, жиылған көпшілік «Әжелер ансамблінің» шашуымен нысанның ішіне енді.

«Шымкент өркениеті» салтанатты жиынының аясында роботтар көрмесі ұйымдастырылып, оның бастамашысы Д.Фалин, «Көрме орталығының» директоры З.Қарабекова құттықтау сөз сөйледі.

— Біз еліміздегі жаңа технология мен робот құрастыру саласын танытуға атсалысып келеміз. Өскелең ұрпақтың инженерлік мамандықтарға, ғылымға деген қызығушылығын оятып, өнертапқыштық қасиетін дамытсақ дейміз. Ал, осындай жұмысты халыққа паш етуде «Көрме орталығының» орны ерекше. Қайта жанданып, көрермендердің жиналып жатқанына қуаныштымыз, — деді Д.Фалин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме 21 шілдеден 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрермендер роботтың 85 түрімен танысып, 7 виртуалды шындық технологиясы мен 4 техношоуды тамашалай алады. Сондай-ақ, робототехника бойынша мамандардың кеңесін алып, шеберлік сағаттарына қатыса алады. Көрмені тамашалаймын деген 14-21 жас аралығындағы жастарға әр сейсенбі сайын, ал әр сәрсенбіде зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылған.

Европалық үлгімен салынған «Көрме орталығында» көрме және конференц залдары, іскерлік залдар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған бірнеше кеңсе бөлмелері бар. Олардың барлығы да жоғары талғаммен безендірілген.

Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілері мерекенің сәнін келтірді.

Айта кетейік, жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «Көрме орталығының» ғимараты зардап шегіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты

Next Post

Шымкент әкімі белсенді жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі