13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі белсенді жастармен кездесті

29 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі белсенді жастармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Аманат» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезіне қатысқан шымкенттік делегаттармен кездесті.

Кездесуде жастар съез барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады. Еліміздің әр тарапынан келген белсенді жастармен тәжірибе алмасып келуге мүмкіндік берген партияға алғыстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

— Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі үміті, сенімді тірегі екенін нақты көрсетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей жастар үшін маңызды білім, еңбекқорлық және отаншылдық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет. Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз. Ай сайынғы жастармен кездесу жалғаса береді. Әрдайым жалынды ойларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз, — деп сөзін қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің делегаттары Зеренді жерінде бас қосқан болатын. Съездің салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполис қаласынан жас делегаттар жиналды.

Съездің алғашқы күнінде келушілерге экология бағыты бойынша ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экотренері, экоамбассадоры Мариям Қасымова дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.

Аталған бас қосуға Шымкент қаласынан 15 делегат қатысқан еді. Оның ішінде жастар ұйымдарының көшбасшылары, қалалық мәслихат депутаттары, ғылым және мәдениет саласының мамандары бар.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзжастарШымкент
Previous Post

Шымкенттегі «Көрме орталығы» қайта жанданды

Next Post

Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт ашылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі