13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты

29 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, жыл басынан бері 10 395 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде 1632 жұмыссыз азаматтар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолдануда. Аталған ақысыз оқу мерзімі-3 ай, білім алушыларға ай сайын 20 948 теңге шамасында шәкіртақы төленеді.

Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 226 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді.Ал, мемлекет тараынан субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі, бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына – 123, жастар практикасына-1295, ақылы қоғамдық жұмыстарына-2 221, «Алғашқы жұмыс орны жобасына-214, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына-6, ал «Күміс жас» жобасымен нақты -7 адам жұмысқа орналасты.

Жыл соңына дейін 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделсе, қазіргі уақытқа дейін 5700 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 1632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 29 мамандық бойынша 25 білім беру ұйымдарында қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.

Оқытылатын мамандықтардың ішінде тігінші, кондитер, пішуші, автомобиль жөндеу слесарі, аспазшы, web дизайнер, бухгалтер кассир, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, шаштараз шебері т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 20 984 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң арнайы куәлік беріліп, нәтижесінде азамат тұрақты жұмысқа жолданады.

Айта кетсек, былтырғы жылы 2500-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәлеумет
Previous Post

Қайтарымсыз грант - береке бастауы

Next Post

Шымкенттегі «Көрме орталығы» қайта жанданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі