13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары таулы аудандардағы жауын-шашын мен мұз деңгейінің төмендігінен отырарлық шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету күрделі мәселелерге айналып келеді. Әсіресе шілде, тамыз айлары аралығында ағын су деңгейінің шамадан тыс төмендеуі шаруалардың мол өнім алуына кедергі келтіруде.

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ағын су жетіспеушілігін жою мақсатында «Қызыл ту» насос станциясындағы су айдайтын насостарды күрделі жөндеуден өткізіп, шаруаларды қажетті мерзімде ағын сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай аудан басшысы тапсырмаларының орындалу барысымен және ағын су арналарының өткізгіштік қабілетімен танысып, «Қызыл ту» насос станциясының жұмысын көрді.

«Қызыл ту» станциясында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Бүгінгі таңда Д.Алтынбеков каналы арқылы 6,5 м/с су босатылса, Арыс өзеніндегі Сырдария өзенінің кері тепкісінен насос станциясы арқылы каналға қосымша 2 м/с су тасталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талапты ауылының Сегіз там тұсындағы егін алқаптары толығымен суғарылып, Қоғам ауыл округі шаруаларының мәселесі шешімін тапты.

Ендігі кезекте Қарғалы ауыл округінің Отырар елдімекені аумағындағы егіс алқаптарына су жеткізу басты назарға алынып отыр. Аудан әкімдігі тарапынан шаруаларға қажетті су жеткізу үшін күнделікті кезекшілер қойып, қатаң бақылауда ұстау назарға алынған. «Қызыл ту» станциясында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Осылайша Түркістан облысы Отырар ауданында шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістанда кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілге қатысты заңның сақталуы тексерілді

Next Post

Түркістан: Қазығұртта астық түсімі молайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі