13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта астық түсімі молайды

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Қазығұртта астық түсімі молайды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, астық ору барысымен және ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінде Шарбұлақ ауыл округіндегі «Сапа-2002» ЖШС диқандары егін ору жұмыстарын күшейте түскен. Өңір басшысы аталған аумаққа барып, диқандармен, кәсіпкерлермен кездесті. Егістікті әрт араптандыру, жаңа технологияларды қолдану бағытында пікір алмасты.

– Ауыл шаруашылығы – тұтас Түркістан облысының негізгі драйвері. Өңірде биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 850 мың гектардан астам жерге орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бұл – біріншіден, биыл жауын-шашын мол түскенінің арқасы, екіншіден, жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде қол жеткен жетістік. Облыс диқандары ел алдындағы міндетін абыроймен атқарып, облысты дамытуға еңбек сіңіріп жатыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарының бағасы тұрақты, ем-шөп бағасы да шаруаларға қолайлы, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінде «Сапа-2002» ЖШС 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жалпы жер көлемі – 6 мың гектарға жуық. Серіктестік элиталы астық тұқымын өсіру, бидай, мақсары, жоңышқа егумен қатар қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы және меринос қойын өсірумен айналысады.

Қазығұрт ауданынының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, биыл 90 мың гектардан астам жерге егіс егілді. 40 мың гектарға бидай, 5400 гектарға арпа себілген. Қазіргі таңда егіннің 70 пайызы қамбаға құйылып үлгерген. Егіс түсімі молайған. Алды 25 центнерден асып отыр.

Өңір басшысы жұмыс сапарында Қ.Әбдалиев ауыл округіндегі 200 орындық П.Тәжібаева атындағы мектептің құрылыс барысын көрді. Құрылыстың былтыр басталған нысан қыркүйек айының соңында ел игілігіне берілмек. Жалпы, биыл ауданда екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Тағы 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен бірге облыс әкімі Қазығұрт ауданындағы КХ-45 «Айнатас — Қақпақ» 0-17,6 шақырым автожолының орташа жөндеу жұмыстарын қадағалады. Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен қолға алынған жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталмақ. Аудан жолдарының сапасы бір жылда 60 пайыздан 93 пайызға жақсарады деп күтіліп отыр. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын сапалы әрі талапқа сай етіп жүргізуді, кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Сонымен бірге облыс әкімі Қақпақ ауылдық округіндегі «Ынтымақ» ӘКК» ӨК салып жатқан шағын су электр станциясының құрылысын бағдарлады. 2 гектар аумаққа орналасатын станцияға 400 млн.теңге инвестиция құйылған. Қуаттылығы – 1,3 МВт электр энергиясын өндіру.

Жұмыс сапарында Қызылқия ауылындағы жеке инвестор салған спорт кешенін аралап көрген өңір басшысы спорт орталығының жұмысын жоғары бағалады. Сейіткәрім Нұрмаханбет басқаратын спорт кешенінде 10 адам жұмыспен қамтылған. Бокс, күрес және өзге де спорт түрлерінен жаттығу жасауға жағдай жасалған.

– Тек мемлекеттік қаражатқа емес, жеке инвесторлар есебінен де спорт нысандарын көбейткен жөн, – деген Ө.Шөкеев аудан әкіміне Қазығұрт ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, түрлі жобаларды жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

Next Post

Түркістан: Келестегі мекемеде 250 зейнеткер мен 72 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі