13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төтеншеліктер рейдтік іс-шара жүргізіп суға түсуде абай болуға шақырды

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Төтеншеліктер рейдтік іс-шара жүргізіп суға түсуде абай болуға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Су – тіршілік көзі. Жаз мезгілі басталысымен су айдындарында шомылу маусымы басталды. Аптап ыстықта су жағаларында демалушылардың саны көбейе бастайды.

Алайда, суда да қауіп бар. Су тілсіз жау екенін ұмытпаған жөн. Адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан суға бату оқиғасы, яғни қайғылы жағдай орын алуы мүмкін.

Сол себептен, әрбір азамат қауіпсіздік ережелерін ұстанғаны абзал.

Әр адамның өмірінің қауіпсіздігі өз қолында. Судағы қауіпсіздік демалыс ережелердің қатаң сақталуымен тікелей байланысты болып келеді.

Осы орайда, бүгін Сайрам ауданының прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және №6 өрт сөндіру бөлімі, полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейдтік іс-шара барысында тұрғындарға ең алдымен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Алдын алу шарасы ретінде Ақсу өзенінің бойында шомылып жүрген ауыл тұрғындарына «Судағы қауіпсіздік» және «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

Аудандық полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 364 бабының, 1 тармағымен 6 адамға ескерту салынды.

Рейдтік іс-шарада тиісті мамандар тұрғындарға түсіндіру кезінде суға шомылу кезінде тыйым салынған орындарға шомылу, суда балаларды қараусыз қалдыру, қоршау белгілерінен асуға, таныс емес орындарға шомылу және тағы басқасына қатаң тыйым салынатынын түсіндіріп, кез келген төтенше жағдай мен суға бату жағдайларына тап болғанда, шұғыл түрде 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу керектігін ескертті.

Жазғы шомылу маусымында аталған іс-шара аудандағы барлық өзен, су жағалауларын аралау барысында жергілікті халыққа түсіндіру және бақылау жүргізумен жалғасатын болады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Манкентте «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шаралар өтуде

Next Post

Түркістан: Онкүндікте атқарылатын жұмыстар тұрғындарға таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі