Бүгін аудан әкімі Манкент ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шараларын ашып, осы іс-шараларды өткізудің мақсатын жергілікті халыққа түсіндіріп, белсенділік танытуға шақырды.
Ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов онкүндік іс-шаралардың жоспарына енгізілетін мәселелерді аудандық мәслихат депутаттары, ауыл белсенділері мен тұрғындарымен пысықтаған жеткізіп, әр іс-шараны жеке-жеке таныстырып өтті.
А.Сайтмуратов өз сөзінде: «Алдағы уақытта онкүндіктің жоспарына енгізілген 24 іс-шара бойынша тұрғындардың қолдауымен және демеушілердің көмегімен жұмыстар атқарылатын болады. Аталған жоспарға тұрғындар тарапынан қосымша ұсыныстарды талқылап, қосуға болады. Онкүндікте негізгі атқарылатын жұмыстар ауылдың тазалығын сақтауға және абаттандыруға арналған», — деді.
Атап айтқанда, демеушілер есебінен атқарылатын жұмыстар:
— ауылдық округінің аумағындағы трансформаторларды қоршау және электр жарықтарын ретке келтіру,
— көше атаулары жазылған тақтайшаларды сырлау, жаңарту, көше аншлагтарын орнату және үйді нөмірлеу,
— кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін ретке келтіру,
— Айнабұлақ көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір орнату,
— жеке кәсіпкер тарапынан құрылып жатқан жекеменшік мектептерге баратын жолдарды орта жөндеуден өткізу,
— Алматы тас жолы бойына жоғары кернеулі электр желілерін тарту,
— Манкент елді мекен атауы белгісін жөндеу жұмыстары,
— мәдениет үйінің кіреберіс жеріне мүгедектігі бар азаматтар үшін пандус орнату,
— ауыл аумағындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық көмек көрсету,
— мүгедектігі бар балаларды Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағына саяхат ұйымдастыру,
— ауыл тұрғындары арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру,
— Манкент ауылының орталығына қоғамдық дәретхана салу.
Мекемелер және жергілікті тұрғындардың қатысуларымен жоспарланған жұмыстар:
— ауылдық округіндегі көшелер және мекемелер аумағында сенбілік ұйымдастыру, бағаналарды әктеу, сырлау және жол бойындағы шөптерді ору жұмыстары, зиярат (мазарат) орындарын тазалау және абаттандыру;
— жол бойындағы ретсіз сауда орындарын жою мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
— Жаңақұрылыс аумағындағы жолдарға тас төсеу,
— жеке кәсіпкер тарапынан құрылып жатқан жекеменшік мектептерге баратын жолдарды орта жөндеу жұмыстарын жүргізу,
— ауыл аумағындағы 2020-2021 жылдары орта жөндеуден өткен ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстары,
— жаяу жүргіншілерге арналған сызықтар және тозығы жеткен жол кедергілерін қайта қалпына келтіру,
— облыстық маңызы бар Алматы және Аққала-Сарқырама жолдары бойына жол белгілерін орнату,
— ауыл округі аумағындағы ауыз су құдықшаларын және ауыз құбырларын ретке келтіру,
— ішкі арықтарды механикалық тазалаудан өткізу,
— О.Құрбаналиев және Айнабұлақ көшелеріндегі жоғары кернеулі электр сымдарына қосымша бағаналар орналастыру,
— Алматы тас жолы бойына жоғары кернеулі электр желілерін тарту жұмыстары.
Келесі кезекте аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев бөлімдер тарапынан атқарылатын негізгі іс-шараларға тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімі ауылдық округінің әкімі және тиісті сала басшыларына онкүндік іс-шаралар кезінде ауылды толықтай зерделеп, тұрғындармен жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелер бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі